Үсік жүреді: Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды — Қазақстан жаңалықтары

0

Синоптиктер 14-16 мамыр күндеріне бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады. Еліміздің кей жерлерінде дауыл болып, жауын-жашын, бұршақ жауып, үсік жүреді деп күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

14 мамырда Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, арты жылбысқы қарға ұласады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 14-15 мамырдың түнінде 1-6 градус үсік болады деп күтіледі.

15-16 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

14 мамырда күндіз Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болып, бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. 15-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүруі ықтимал.

14 мамырда күндіз, 15 мамырда тәулік бойы Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп болжануда. 14-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында 14 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. 15-16 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз.

stan.kz