Ұшақ апатында көз жұмғандардың тізімі шықты – Қазақстан жаңалықтары

0

Bek Air ұшақ бортында қаза болғандардың тізімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Жолаушылардың қатарында шет ел азаматтары бар: украиналық 2 азамат, қырғызстандық 1 азамат, Қытайдың  1 азаматы. Қалғандары Қазақстан Республикасының азаматтары екен. 

Қазіргі таңда көз жұмғандардың саны 15-ке жетті, олардың ішінде ұшақты тізгіндеген пилот та бар. 

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жалпы Алматы қаласының стационарларына әртүрлі жарақаттармен зардап шеккен 51 адам жеткізілген,  оның ішінде 9 бала Балалар шұғыл көмек орталығына жатқызылыпты. 

Құтқарушылар оқиға орын алған жердегі жұмыстарын жалғастыруда. 

Көз жұмғандардың тізімін ІІМ дайындады:  

1. Николай Асташов, 1971 жылы туған

2. Рустам Қайдаров, 1940 жылы туған

3. Бауыржан Қалиев, 1974 жылы туған

4. Базархан Карибаева, 1974 жылы туған

5. Марат Мұратбаев, 1961 жылы туған

6. Абай Нұрбеков, 1986 жылы туған

7. Аршат Исина

8. Сания Аманжол

9. Дана Круглова, 1984 жылы туған

10. Қайырхан Туматов, 1955 жылы туған

11. Валерий Ануфриев

12. Имина Оспанова, 1963 жылы туған

Алдағы уақытта ақпарат толықтырылатын болады.

  

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз