Үш полицей әріптесін жабылып зорлады: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

0

Уфа қаласында полицейлер 23 жастағы әріптес қызды жабылып зорлаған

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Уфа қаласында үш полицей жабылып зорлаған 23 жастағы тергеуші қыз оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды «Комсомольская правда в Санкт-Петербурге».

Белгілі болғандай, 19:30-да полицей қыз әріптестерінің шақыртуы бойынша көші-қон бөліміне келеді. Сол жерде үш ер адаммен бірге ішімдік ішкен. 

Біраздан соң ер адамдар оны бірнеше рет ұрып, шешіндіре бастайды. Қыз қашып кете алмапты. Содан соң әріптестері кезектесіп онымен жыныстық қатынасқа түскен. Қыз таңғы бес кезінде ғана бөлімнен шығып, бірден тергеушіге барған.

Естеріңізге сала кетсек, 2 қараша күні Башқұртстанда ІІМ-нің 23 жастағы тергеушісін зорлау туралы ісі бойынша үш күдікті тергеу абақтысына қамауға алынды. Олар – Уфа ауданы бойынша ІІМБ көші-қон бөлімінің бұрынғы басшысы майор Павел Яромачук, Уфа және Кармаскалы ауданы бойынша ІІМБ бұрынғы басшылары подполковник Эдуард Матвеев пен Салават Галиев.

Жыныстық қатынастан бас тартқан әйел ажал құшты

Бұрынғы полицейлердің өкілдері бұл істің мән-жайын әлі де анықтау керек деп санайды. Адвокаттардың айтуынша, күдіктілер сағат 23:00 кезінде өз үйлерінде болған, оны куәгерлер растап отыр-мыс. Сонымен бірге қорғаушылардың сөзіне сүйенсек, отырыста басқа да әйелдер болыпты.