үш ер адам жас жігіттің мәйітін ауруханаға жеткізіп, қашып кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изолюторына қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Белгісіз біреулер жас жігіттің мәйітін Ақтөбе облысындағы Алға орталық аудандық ауруханасының дәлізіне әкеліп тастап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезекші медициналық қызметкерлердің айтуынша, мәйітті үш адам әкелген. Ауруханадағылар көліктің түсін ғана көрген, маркасын байқамапты.

Полиция Бестамаққа барар жолда қою көк түсті Lexus GS 300 көлігін тоқтатты. Үш ер адам бірден күдік туғызған.

Тағы оқыңыз: Сүйіктісін қызғанған ақтаулық жантүршігерлік қылмысқа барды

Тексеріс кезінде ер адамдардың бірі жігітті өлтіргенін мойындаған. Екеуінің арасында жанжал туып, оған пышақ сұғып алған. Жас жігіт есін жимастан, көз жұмды. Күдікті полицейлерге пышақты берді.

Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 –бөлігі («адам өлтіру») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изолюторына қамалды.



sputniknews.kz