үш баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Күдікті балалар тұрған үйде дезинсекция жүргізу үшін ауыл шаруашылығына арналған улы химикатты пайдаланған

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Шымкентте үш баланың неден көз жұмғаны анықталды. Белгілі болғандай, олардың үйінде қайғылы жағдайға дейін зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен дезинсекция жүргізілген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылдың 3 қарашасында төрт жасар және бір жасар бала белгісіз заттан уланып қаза болған еді. Осыған ұқсас оқиға биыл 13 ақпанда да тіркелді: сегіз айлық сәби көз жұмды.

«Анықталғандай, трагедияға дейін олардың үйінде зиянды жәндіктерге қарсы улы химикатпен дезинсекция жүргізілген. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Ол 42 жастағы ер адам. Ол ауыл шаруашылығы саласына арналған «Имидаклопридты» қолданған», – деді полициядан.

Сот шешімімен күдікті екі айға уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша (санитарлық ережелер немесе гигиеналық нормативтердің бұзылуы) тергеу жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз: Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді

Ер адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алғашында балалар тұшпарадан уланып қалған болуы мүмкін деген болжам қаралды. Алайда талдау тамақта зиянды зат болмағанын көрсеткен.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз