ҰҚК қылмыстық топты ұстады  

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысында арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысында арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топтың жолын кесті. Болжам бойынша, қылмыстық топ спорттық орта мен деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен құралған.

«Олардың өңір кәсіпкерлерін қорқытып ақша талап ету, қарыз «өндіру» және дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарға қатысы бар. Операция нәтижесінде топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды, олардың кейбіреуі «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтармен байланыста болған»,- делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: ҰҚК 20 лауазымды тұлғаны ұстау сәтінің видеосын жариялады

Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде үш дана әртүрлі қару мен оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды.

Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.



sputniknews.kz