ҰҚК қылмыстық топтардың жолын кесті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қылмыстық топ мүшелері сотқа дейінгі тергеу кезінде кінәсін мойындап, тергеуге көмектесуге дайын екенін білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Алматы қаласында және Алматы облысында ұсталған екі қылмыстық топтың мүшелерінен қосымша қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 27 мамырда ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы операция жүргізіп, екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен еді.

Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде 11 дана әртүрлі қару түрі мен 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

«Қылмыстық топ мүшелері сотқа дейінгі тергеу процесінде кінәсін мойындап, тергеуге көмектесуге дайын екенін айтты. Бұдан бөлек, екі күдікті бұрын жасырылған атыс қаруы мен олардың оқ-дәрісін өз еркімен беру туралы өтініш білдірді», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты түсініктеме берді

Нәтижесінде 1 маусымда Алматы облысының Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында патрондары бар «Калашников» автоматы, «Сайга-410» қылмыстық кесінді карабині мен аңшы мылтығы табылып алынды. 

Жедел тергеу шаралары жалғасуда.



sputniknews.kz