ҰҚК Маңғыстауда арнайы операция жүргізіп жатыр

0

Маңғыстау облысындағы арнайы операцияның мән-жайы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Бас прокуратура Маңғыстауда басталған арнайы операцияның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, құқық қорғау органдары мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған шаралар қабылдап жатыр.   

«Бүгін, 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады», – делінген ресми хабарламада.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмысты жасауға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға, ақша қаражатын бопсалауға қатысы бар.

Прокурорлардың сөзіне қарағанда, қылмыстық топ мүшелері қаруланған. Осыған орай, арнайы операцияға ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының арнайы жасақтары тартылды.

«Азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауы мүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз. Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында», – деп ескертті бас прокуратура.

Арнайы операцияның қорытындысы жұрт назарына жеткізіледі.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз