Үндістан тұрғындары 30 жылда алғаш рет Гималай тауының шыңын көре алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус пандемиясының өршуі кезінде Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатының тұрғындары бірінші рет Гималай тауының шыңын анық көре алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гималай

Жергілікті тұрғындар ондаған жылдар бойы тау басын көруге мүмкіндік болмады деп, Гималай түсірілген суреттерді жаппай әлеуметтік желілерде таратуда. 

Гималай

«30 жылда алғашқы рет Гималайдың шыңын көріп тұрмын. Ауа қабаты тазарғандықтан тауды көре алатын жағдайға жеттік. Қандай тамаша», — деп жазыпты желі қолданушысы.

Гималай

Айта кетерлік жайт, 22 наурыздан бастап Үндістанда қатаң карантин режимі жарияланған. Аймақтардағы өндіріс орындарының жұмысы тоқтап, көлектер сирей бастаған соң ауаның тазарғаны байқалған. Үндістанның орталық кеңесі карантин жарияланғаннан бері елдегі атмосфера 44 пайызға тазарғанын мәлім етті. Бір апта ішінде 85қаланың экологиялық жағдайы жақсарған. 

Гималай

 

 

stan.kz