Ұлыбританиялық үш азамат балаларымен бірге Алматы тауларында адасып кеткен – Тосын жай

0

Ұлыбританиялық үш азамат үш баламен бірге Алматы тауларында адасып кеткен, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

Туристер 30 желтоқсан күні шамамен сағат 19.00-де таудан Бутаков шатқалына түсу кезінде адасып кеткен. Бір сағаттан кейін ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару отрядының құтқарушылары іздеу жұмыстарына кірісті. 11 құтқарушы иттермен бірге іздеп, жарты сағаттан кейін шетелдіктерді тапты. Олар автокөлікке дейін жеткізілді. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз