Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелерінің өзі ҰБТ-дағы 6-сынып тапсырмасын орындай алмай ұятқа қалды – Қазақстан жаңалықтары

0

Министрі ең көп ауысатын білім министрлігінде жаңа басшы жаңа жүйені енгізеді, бірақ нәтиже көргеніміз шамалы. Мұны Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында президенттің өзі ашып айтты.

Бұл туралы Basty Prime бағдарламасында айтылды.

Бағдарламаға «Білім медиа груп» ЖШС директоры Рауан Кенжеханұлы, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбек, әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов қонақ болды.

Бағдарлама жүргізушісі бағдарлама қоанақтарына ұлттық бірыңғай тестілеуде кезесетін бірқатар сұрақтарды қойып көрді. Оқушыларға арналған сұрақтарға ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері жауап бере алды ма?

1993 жылғы конституцияны құрылымы?

А) 3 бөлім, 20 тарау, 132 бап

В) 4 бөлім, 21 тарау, 131 бап

С) 4 бөлім, 12 тарау, 136 бап

Д) 2 бөлім, 18 тарау, 120 бап

Е) 6 бөлім, 25 тарау, 140 бап

Бұл ҰБТ-ның тарих пәні бойынша сұрақтары.

Бұған  Рауан Кенжеханұлы да, Саясат Нұрбек те, Қыдырәлі де жауап бере алмады. Дұрысы В жауабы еді.

13 жирек жылқысы қаңқасы табылған қорым?

А) Берел

В) Бесшатыр

С) Берікқара

Д) Бесоба

Е) Жуантөбе

Бұл сұраққа Берел деп дұрыс жауап берді.

Әзірбайжанда мешіт салдырған өзбек билеушісі

А) Орыс хан

В) Өзбек хан

С) Берке хан

Д) Бату хан

Е) Есім хан

Бұл сұраққа да жауап болған жоқ.

Қимақ қағанаты кезінде табылған айна неден жасалған?

А) Алтын

В) Күміс

С) Қола

Д) Жез

Е) Сүйек

Бұл сұраққа Қыдырәлі Болманов күміс деп жауап берді. Дұрыс нұсқасы қола деген жауап болды.

Осыдан кейін бұл сұрақты оқушылар біледі дегенге кім сенеді?

Журналист Айдана Үсенбай аталған сұрақтардың қаншалықты керегі бар деген сауал қойды. Бұндай маңызсыз сұрақтар оқушыға керек пе?

«Бұндай сұрақтардың оқушыға не керегі бар. Миға сыйымсыз, мүлде көңілге қонбайтын дүние. Оқушыны шатастырады. Оның бәрін жаттай алмайды ғой ешкім. Орынсыз сұрақтардай қай автор дайындайтын? Мен осындай сұрақтардың авторымен кездесіп, өзінен сұрағым келеді. Неге мұны сүзгіден өткізбейді? ҰБТ сұрақтары неге ешкім тексермейді?», – деді продюсер.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз