Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтау әуежайында үш адамды ұстады

0

Ұсталғандар Ираннан жеткізілетін «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ақтау халықаралық әуежайында үш есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: ҰҚК лауазымды тұлғаның қылмысын әшкереледі – фото 

Ұсталғандар Ираннан жеткізілетін «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылды, олардың жалпы салмағы шамамен 1 килограмм (бес мың біржолғы доза), құны 50 миллион теңге болады», – делінген хабарламада.

Осы факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз