Ұлттық экономика министрлігінің лауазымды шенеунігі сот залында босатылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Департамент директоры Асланбек Жақыпов ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Асланбек Жақыповқа қатысты шығарылған үкімнің күші жойылды. Қылмыстық іс бас прокурорға қайта жіберіліп, Жақыпов сот залында қамақтан босатылды, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Жақыпов ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

2019 жылдың сәуірінде Асланбек Жақыповқа 500 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды. Кейін 29 мамырда ол алаяқтық жасады деп танылып, үш жылға сотталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды

Жақыповтың аппеляциялық шағымын қылмыстық істер бойынша сот алқасы қараған.

«Қылмыстық-процессуалдық заңнаманың нормаларын бұзу деректерін жою үшін аппеляциялық алқаның шешімі бойынша қылмыстық іс бас прокурорға қайтарылды», — деп жазылған соттың сайтында.

Айта кетсек, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қоластындағы қызметкері кінәсін мойындаған жағдайда отставкаға кететінін мәлімдеген еді.

Ал президент Тоқаев мемлекеттік органдардың басшылары қарамағындағы қызметкерлері жемқорлықпен ұсталған жағдайда жауап беретінін айтқан болатын.



sputniknews.kz