Ұлттық банк коронавирус кезінде ақшаны пайдалану туралы айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың қолма-қол ақшаны COVID-19 вирусының пандемиясы кезеңінде пайдалану туралы түсіндірмесі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

«Қазақстан Ұлттық Банкінің COVID-19 вирусының таралу ықтималдығы туралы мәселелерге түсініктеме беру құзыреті жоқ. Сонымен қоса қолма-қол ақшаны пайдалануға байланысты тәуекел ұстағыштар, есік тұтқалары, кредиттік карталар мен мобильді телефондар сияқты кез келген басқа беткі қабаттарға жанасу тәуекелінен жоғары еместігіне назар аударған жөн. біз жиі ұстайтын көптеген басқа заттар мен нәрселер бар. 
Бірінші кезекте, банкноттардың инкассациядан кейін сақталу мерзімінің ұзақ болуына байланысты COVID-19 вирусы жұққан банкноттардың айналымға шығу ықтималдығы мардымсыз. Ұлттық Банктің ішкі нормативтері бойынша екінші деңгейдегі банктерден түсетін қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн ішінде, ал  қайта санаудан кейін бір жыл ішінде сақталуы мүмкін. 
Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша қазіргі сәтте «заттардың бетіндегі вирустың тұрақтылығы туралы мәліметтер жоқ». Коронавирустың қоршаған ортадағы тұрақтылығы салыстырмалы температура мен ылғалдықты, сондай-ақ материалдың бетін қоса алғандағы бірқатар факторларға байланысты.
Қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін касса қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігін ескерсек, қолды жиі жууға қатысты кеңестер осы адамдар тобы үшін ерекше маңызды. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шараларды сақтауы қажет.
Вирустардың таралуы үшін осалдығы барынша төмен есеп айырысу тәсілдері – байланыссыз есеп айырысу. Дүкендерде/дәріханаларда, онлайн жеткізу кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдер нысандарын көбірек пайдалануды ұсынамыз. Бұл байланыс жасау саны мен деңгейін төмендетуге, яғни коронавирустың таралуын шектеуге мүмкіндік береді». 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз