«Ұлт тағдыры» қозғалысының үміткері Әміржан Қосанов тіл сынағынан өтті

0

Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттықтан үміткер Әміржан Қосанов қазақ тілі сынағынан өтті. Бұл туралы 29 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Тіл комиссиясының жетекшісі Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, Қосанов тіл сынағынан сүрінбей өткен және қазақ тілін еркін меңгерген.

Қосанов тіл сынағында «ТМД тарихы және бүгіні» тақырыбында шығарма жазған, Қадыр Мырзәлиевтің өлеңдерін оқыған және «Өнер білім бар жұрттар» тақырыбында ой-толғау айтқан.

Қосановты «Ұлт тағдыры» қозғалысы сайлауға үміткер ретінде ұсынған. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде аяқталды. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған барлық үміткердің есімі:

ЖСДП президент сайлауына бойкот жариялады. Ал Қазақстан мәжілісінің бұрынғы депутаты, Қазақстан құрылысшылары одағы президент сайлауына үміткер ретінде ұсынған Талғат Ерғалиев құжаттарын қайтарып алды.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз