Үкімет зейнеткерлер үйі болып кетті – Мұхтар Тайжан

0

«Ерлан Сағадиев мырза мен Мәдина Абылқасымова ханым орындарынан міндетті түрде кету керек», деп санайды ол.

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан «үкімет кризисіне» орай өз ойын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Байқағаным, соңғы кезде халық қатты өзгерді, үрейі кетті, біріншіден. Қазақтілділер сөзсіз көпшілікке айналды, жастар көбейді, ал оларға жұмыс пен баспана 2030, 2050 жылдары емес, дәл қазір керек боп тұр.

Жас, қазақтілді халқының көңілінен шығу үшін жаңа Үкіметімізде мәңгүрттер аздау болу керек. Мүлдем болмаса тіпті жақсы. Өйткені қарапайым халықпен қазақтілді министрлер ғана тіл табыса алады, басқалар халықтың ашуын қосымша келтіреді. Өз ойым.

Қай салалар халықты ең көп ызаландырды?

Меніңше біріншіден білім саласы – үш тұғырлы тіл, мектеп далбаса реформасы, бала бақшалардың жоқтығы. Сондықтан жаңа Үкіметте Ерлан Сағадиев мырза қала берсе түбі жақсылыққа апармайды.

Екіншіден әлеуметтік ауыр хәлі халқымызға қаты тиіп тұр. Мәдина Абылқасымова ханымның 16 мың туралы сөздері халықты қатты ренжітті. Ол да орнынан міндетті түрде кету керек деп санаймын.

Ал енді халықтың арасында жүрген сауатты адамдар Үкіметке шақырылса тіпті жақсы болар еді. Бірақ ол ертек, арман ғой.

Бүгінгі кризистің Парламенттің, маслихаттардың де кінәсі бар деп есептеймін. Халықтан баяғыда қатты алыстанды. Енді 20-30 жыл отыр ғой депутат болып! Тіпті Колбин үшін дауыстарын бергендер бар ғой арасында. Кейбір депутаттар әбден шаршады, депутат болып қартайды. Мәжілістің 30% ресми зейнеткерлер, ал не дейсің, не сұрайсың олардан? Зейнеткерлер үйі болып кетті ғой Парламентіміз….

Елімізге көп реформа керек, әйтпесе одан да жаман кризиске батып кететін түріміз бар», дейді Тайжан өз парақшасында.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз