Үкімет бюджетке өзгеріс енгізеді

0

Үкіметте Тоқаевтың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізеді, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

Премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің қысқа мерзім ішінде 2020-2024 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке нақтылау енгізетінін атап өтті.

Кеңеске қатысушылар 2020 жылға арналған бюджет параметрлерін және мемлекеттік сатып алу саласында қабылданып жатқан шараларды талқылады. Соның ішінде отандық тауар өндірушілердің тізімін жасау және арнайы мемлекеттік сатып алу режимін енгізу, қамтамасыз ету жарнасын немесе банк кепілдемесін ұсыну қажеттігін алып тастау шаралары бар. 

Тағы оқыңыз: Қазақстан дағдарысқа қарсы шараларға 10 миллиард доллар бөледі

«Валюта нарығын тұрақтандыру, іскерлік белсенділікті салықтық ынталандыру, несиелер бойынша негізгі қарыз сомасын және сыйақы төлеуді тоқтата тұру, жұмыс берушілерді, әсіресе, ШОБ-ты қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұлғаларға әлеуметтік төлем жасау, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін тегін азық-түлік жиынтығын үлестіру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ карантин кезеңінде коммуналдық қызметтерге төлемдерді төмендету шаралары қарастырылды», – делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, тест жүйелерімен, өкпені жасанды тыныс алдыру құрылғыларымен, дәрі-дәрмектермен және қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылды.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз