Үйлену тойын өткізе алмай қалған Тәуекел ол күнді отбасымен атап өтті (фото, видео)

0

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім күні кеше, 30 шілде күні жеті бөлімнен тұратын үйлену тойын дүркіретіп атап өтуі керек болатын. Алайда, мемлекет бойынша жарияланған карантин актердің бар жоспарын құртып тастады. Дүбірлі шараны өткізе алмаған өнер иесі мойымай, белгіленген күні бәрібір де ет-жақындарымен бірге кішігірім отырыс жасаған.

Тәуекел Мүсілім үйлену тойы өтетін күні өзінің ең қымбат әйелдерін, анасын, әпкесін және келіншегін оңтүстік астанадағы әдемі мейрамханалардң біріне апарған. Белгілі актердің қуанышына олардан басқа жиендері де ортақтасқан.

Шоу-бизнес жұлдызы дүбірлі тойды өткізе алмаса да, отбасымен жоспарланып қойылған күнді атап өтуді жөн көрді. Ол жақындарымен бірге кешкі ас ішіп, мейрамханада елдің көзінше жарымен вальс биледі.

Желіде қос ғашықтың 30 шілдені қалай өткізгені туралы фото мен видеолар тарап кетті. Оларды Тәуекел Мұсілім өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялаған болатын.

Жас жұбайлар мұндай оқиға болып қаларын сезгендіктен, бұл мәселеге бола көңілдерін түсірмеген. Керісінше, олар бұл күнді тек ең жақын адамдарымен өткізгеніне аса қуанышты екендерін көрсетті.

View this post on Instagram

90 жылдардағы қылмыс әлемінің көкжалы Сабыр Мүслімнің ұлы Тауекел 31 жасында шаңырақ көтерді. Таңдаған жарының есімі – Махаббат. Аты қандай тамаша қазақша есім, бірақ өзі қазақшаға шорқақтау. Қылмыс әлемінде дегені болмаса, оның аты халықтың есінде тек жақсы істерімен қалған. Қатарластарының айтуы бойынша, ол кісі жұмыссыздарға, жетімдерге қол ұшын созып отырған және оның кезінде қылмыстық істердің саны азайған дейді ❗️Келесі суретті жылжытсаңыздар Тауекелдің әкесі Сабыр Мүсілімұлы Тауекелдің анасымен. Екеуінің ортақ қыз бен ұлы бар. Тауекелдің түрі кімге тартқан? #тауекел #тауекелмуслим #тауекелмахаббат

A post shared by Жұлдыздар туралы жаңалықтар (@qaz.stars) on

nur.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз