Түркістан облысында түлектер көпбалалы анаға үй алып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округінің тұрғыны, жалғызбасты ана Есболатова Нұргүл Бекжанқызы мектеп бітірушілердің демеушілігімен тұрғын үйге ие болды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

үй

Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, 2000 жылғы мектеп түлектері оқуды аяқтағынаның 20-жылдығына арналған кездесуде тұрғын үйге мұқтаж жерлестеріне көмек көрсетуге шешім қабылдаған.

Нәтижесінде, көп балалы анаға үй кілттері табысталды. Сонымен қатар, отбасына тұрмыстық техникалар сыйға тартылды. Қайырымдылық шараның бастамашысы аудан әкімі мен ауыл ақсақалдары болды.

Нұргүл Бекжанқызы көрсетілген көмек үшін барлығына шын жүректен алғысын білдірді.  

stan.kz