Түркістан облысында суға батқан итті құтқарған сүңгуірші көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысы Жаңатұрмыс ауылында сүңгуірші итті құтқарып қалды. Аяулы сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Сүңгуірші судан шыға алмай жатқан итті көріп, көмекке ұмтылады.

«Түркістан облысы, Жаңатұрмыс ауылында ер адам итті құтқарып жатыр. Инстаграмның хабарлауынша, бұлар Тараз отрядынының құтқарушылары. Егер солай екені рас болса, мен бұл күрескерді тауып, қолын алар едім. Иттің көзіне қарашы», — деп жазды видеоны жариялаған Жанна Папина.

Кейін Жанна иттің құтқарушының есімін біле алғанын хабарлады. Ол Әбілда Айдос есімді жігіт.Тараз қаласының ТЖ бөлімінде құтқарушы болып жұмыс істейді


Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқарған қазақстандық азаматқа өрт сөндіруші қызметі ұсынылды


 

stan.kz