Түркістан облысында қайырымды жандар жалғызбасты әкеге баспана сыйлады — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әкеге жергілікті тұрғындар үй сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әке

Бұған қоса Келес ауданына қарасты Бозай ауылының тұрғындары тұрмысы төмен отбасыға 20 шақты қой сыйласа, ауыл әкімдігі ер азаматқа жұмыс тауып берген. 

Андрей Грибанов әйелі қайтыс болғалы бері 2 қызы мен бір ұлын өзі тәрбиелеп келеді. Ол 2015 жылы жұмысын ауыстырғандықтан үйін сатып Сарыағашқа қоныс аударған. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін туған жеріне денсаулығына байланысты қайта оралыпты.

Қайырымды жандар жанұяға жаңа үймен бірге, жаңа жиһаз да тарту еткен. Мәселен, отбасы тұрмыстық техника мен жиһаз, ыдыс-аяқ пен қажетті киім-кешек, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіліпті. Ендігі кезекте ер азаматтың ауылдастары үйге тұтас жөндеу жұмыстарын жасап беруді жоспарлапты. 

Өз кезегінде үйлі болған Андрей Грибанов көмектерін аямаған барша жанға алғысын білдірді. 

 

stan.kz