Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған

0

Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында көз жұмған  64 жастағы науқас 15 наурызда Алматыдан келгенін жасырған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Өкінішке қарай, бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Пневмония анықталып, тыныс алуы қиындаған. Науқас қант диабетімен ауырған. Барлық сынама алынып, емдік шаралар жүргізілді. Науқастың жағдайы нашарлап, бүгін таңертең көз жұмды», – деді басқарма мамандары.

Марқұм он бесінші наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз