Түркістан облысында көшеден жаңа туған нәресте табылды

0

Сәбидің туғанына 4-5 сағат болғаны анықталды

Түркістан облысы Сайрам ауданында туғанына 4-5 сағат болған нәрестені көшеге тастап кеткен. Оны Ақсукент ауылының тұрғындары тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тұрғындар нәрестені таңғы сағат 10:00 шамасында тауып алған. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы сүлгіге оралған сәбидің туғанына 4-5 сағат болғанын анықтады. Шақалақ аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды», — деп жазылған хабарламада.

Қыз баланың салмағы 2,75 кг, бойы 52см екені анықталды. Нәрестені көшеге тастап кеткен анасы 2 сағат ішінде табылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның баланы не себепті тастап кеткені анықталып жатыр.