Түркия туралы қызықты 20 мәлімет — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркия – ғасырлық тарихтың, әсем табиғаттың, мәдени құндылықтар мен дәмі тіл үйірерлік керемет тағамдардың елі, деп жазады Stan.kz.

Түркия туралы қызықты 20 мәлімет

1.    Түркия – әлемдегі ең ірі «ашық аспандағы мұражай». Түркияда орналасқан алғашқы қала типтес елді мекен Орталық Анатолиядағы Чатал (Чаталхойук) қаласы болып табылады. Ол б.з. VII ғасырда пайда болған деп болжануда. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Троя қаласы да қазіргі Түркия аумағында орналасқан.

2.    Әлемнің ежелгі жеті кереметінің екеуі Түркияда орналасқан болатын. Бірі Ефестегі Артемида храмы, екіншісі Галикарнастағы кесене.

3.    Санта-Клаус секілді танымал Әулие Николай Патара қаласында дүниеге келген. Ол Түркияның Жерорта теңізінің жағалауындағы Демре қаласындағы шіркеуде епископ болып қызмет етті. Бұл шіркеу әлі күнге дейін бар.

4.    Тарихтағы алғашқы христиан шіркеуі Антиохияда тұрғызылған.

5.    2000 жылдан астам уақыт бойы Стамбул үш империяның астанасы болды. Олар Рим, Византия және Осман империялары.

6.    Адамзат тарихында алғашқы ең белгілі университет Түркияның оңтүстік-шығысындағы Харран қаласында орналасқан.

7.    Француз және қытай асханаларымен қатар, түрік асханасы да әлемдегі сан алуан асханалардың бірі. Дәстүрлі тағамдары: кебаб, теңіз өнімдері, түрік деликатесі, халва, Efes сырасы. Ерекше тәттілерінің бірі — тауықтың төс етінен жасалатын Тавукгөзсуге Tavukgogsu десерті.

8.    Егде жастағы адамның қолын сүю — Түркияда құрметтің белгісі саналады.

9.    Түркияда ең бірінші орында отбасы тұрады. Facebook қолданушыларының ішінде түркиялықтардың көрсеткіші әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Бұл отбасылық тығыз қарым-қатынастардың тағы бір дәлелі болмақ.

10.    Түркиядағы қоғамдық ғимараттардың көпшілігінің төбесі қара сызықпен сызылған. Олар мұсылмандар үшін қажылық орталығы болып табылатын Мекке жақты көрсетіп тұрады. Меккеге мұсылман дінін қабылдаған адамдар ғана кіре алады. Ал мұсылмандар дұға кезінде дәл сол бағытқа қарай бұрылады.

11.    Түркия әйелдерге дауыс беру құқығын берген алғашқы елдердің бірі болды. Олар АҚШ пен Еуропа елдерінен бұрын әйелдерге дауыс беру құқығын берген.

12.    Аңыз бойынша, Нұхтың кемесі Түркияның шығысындағы Арарат тауына тоқтаған.

13.    Стамбул – екі құрлықта, Еуропа мен Азияның территориясында орналасқан әлемдегі жалғыз қала. Стамбул – Түркиядағы ең үлкен қала және халық саны бойынша Еуропада үшінші орынды алады.

14.    Жерорта теңізі мен Эгей теңізінің жағалауындағы жүздеген түрік жағажайларына «көгілдір жалау» ілінген. Бұл ең жақсы және ең таза жағажайларға берілетін еуропалық марапат.

15.    Түркия аумағының 97%-ы Азияда, ал 3%-ы Еуропада орналасқан.

16.    Стамбул туннелі – әлемдегі ең көне жерасты темір жолы. Ол 1875 жылы іске қосылған.

17.    Нидерландының символы саналатын қызғалдақ (тюльпан) Түркиядан әкелінген. Алғашқы қызғалдақтың қай жерде өскені белгісіз, бірақ бұл гүлді османдықтар таратып, оның Еуропада пайда болуына ықпал еткендігі белгілі. 16-шы ғасырда фламандық елші Сүлеймен патшаның сарайына барғанда қызғалдақ баданасын көріп, оны Голландияға алып келген. Сондай-ақ, Еуропа Түркияға кофе мен шие үшін де алғыс айтуы керек.

18.    Әлемдік нарықтағы орман жаңғағының 70% -ы Түркияда өсіріледі.

19.    Әлемдегі ірі және ең көне сауда орталықтарының бірі – Қапал Чаршы деп аталатын Стамбулдың үлкен базары. Ол 1455 жылы Осман империясы Константинополды жаулап алғаннан кейін көп ұзамай пайда болды. Ғасырлар бойы ол 61 көше мен 3000 дүкеннен тұратын лабиринтке айналды. Қазіргі уақытта нарықтың аумағы 31 шаршы шақырымды қамтиды.

20.    Түрік көшелерін тағы да көркейтіп тұратындар балмұздақ сатушылары. Олардың кейбіреулері тәжірибелі бармендердің өзі қызығатындай нағыз шоу көрсете алады. Оларды жарқын түсті ұлттық киімдерінен және бадам мен пісте қосылған балмұздақтың дәмін татып көруге шақыруы арқылы жылдам тануға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

stan.kz