Туристер қаражатын қалай қайтара алады: Министр жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0

Мәдениет және спорт министрі алдын ала төлем жасап қойған туристер қаражатын қалай қайтарып алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Ақтоты Райымқұлова туроператорларға қатысты сөз қозғады. Ол коронавирусқа қатысты шетелдік турлар үшін төлеген қаржысын қайтара алмай жүрген туристерге мәселенің мән-жайын түсіндірген. 

«Пандемияға байланысты туристер өзінің қаражаттарын қайтара алмай қалды.  Қаражатты қайтару азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде қарастырылуда. Қонақ үйлерді ұйымдастыру және броньдау үшін нақты жұмсалған шығындарды қайтару бір күнде бітетін жұмыс емес. Қазіргі таңда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер ұйымымен бірге осы жұмыстарды күн сайын жоспарға қойып, біздің азаматтарымызға туристік қаражатты қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азаматтардан түсіністікпен қарауларын сұраймыз», – дейді министр.

Осылайша Ақтоты Райымқұлова туроператорлардың қазіргі таңда қызу түрде жұмыс істеп жатқанын, туристердің қаражаттары жақын арада қайтарылатынын, толыққанды есептеу жүргізіліп, нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз