Туристер назары ауған Көбейтұз 49 жылға жалға берілмек

0

Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдерін жалға берілетін болды. Бұл туралы Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мәлімдеді.

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiндегi конкурс туралы хабарлайды. Конкурстық құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзiмi — 2020 жылғы 27 шiлде, сағат 12-00-ге дейiн қабылданады», — деп хабарланды басқарма сайтында.

Су объектілерін конкурстық негізде пайдалануға беру конкурсына Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері қойылған. Оларды рекреациялық мақсатта 49 жылға жалға беру көзделіп отыр.

stankz