Тұрғымбаев қанша полицейдің коронавирус жұқтырғанын жариялады

0

589 құқық қорғаушы коронавирус індетін жұқтырды, оның 419-ы емделіп шықты. 170 адам әлі карантинде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирус жұқтырған құқық қорғаушылар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Шыны керек, бүгінде медицина мамандарынан бөлек құқық қорғаушылар үшін де вирусты жұқтыру қаупі бар. Себебі блок бекеттің өзінде шамамен 7 адам кезекшілік атқарды. Бұдан бөлек, жаяу нарядтар жүрді. Жақын қарым-қатынас жасады. Сондықтан полицейлер де инфекцияны жұқтырды», – деді Тұрғымбаев онлайн брифингте.

«Оңай болған жоқ»: министр блокбекеттерде жұмыс істеген полицейлерге алғыс айтты 

Министрдің айтуынша, құқық қорғаушылар арасында коронавирус жұқтырудың 589 оқиғасы тіркелді. Олардың ішінде 419 сақшы емделіп шықты. 170 адам әлі карантинде жатыр.

«Осы орайда айта кетер жайт, полицейлер, ұлттық ұлан мен қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар жоқ», – деп түйіндеді Тұрғымбаев.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз