Тұрғымбаев Алматы марафонында ұсталғандар туралы түсініктеме берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, марафон кезінде ұсталған екі азамат спорттық шараны өткізуге кедергі келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Алматы марафоны кезінде «От правды не убежишь» (Шындықтан қашып құтыла алмайсың) деген плакатпен шыққан Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбаев ұсталды. ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Кеше екі азамат ұсталды. Білесіздер, Алматы қаласында марафон өтті, ірі қалалық марафон, оған 17 мың азамат қатысты. Осы трассаның бойында екі азамат Толымбаев пен Тулесова плакат ілген. Олар бұл әрекетімен митинг, шеру және демонстрация өткізу туралы заңнаманы бұзып отыр. Плакатты іліп жатқанда, адамдар тоқтап, видео және фотоға түсіре бастады. Сөйтіп, марафонды өткізуге кедергі жасады», — деді ол.

Ішкі істер министрлігі Қордайдағы апатта қаза тапқандардың азаматтығын жариялады

Оның айтуынша, осыдан кейін екі азамат ұсталып, сотқа жеткізілген. Сот шешімі бойынша екеуі де 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ведомство басшысының сөзіне сүйенсек, жастар сайлауға тікелей немесе жанама қатыс бар саяси ұранмен шықпаған.

Алматы тұрғынының қолында белгісіз зат жарылып кетті

«Саяси ұран болған жоқ. Бұған сайлаудың қандай қатысы бар? Спорттық шара өтіп жатты. Ол алдын ала жоспарланған еді, қалада хабарландыру ілініп тұрды. 17 мың спортшы қатысты. Сол кезде екі адам плакат алып шығып, спорттық шараны өткізуге кедергі келтірді. Бұл заңды бұзған болып саналмай ма? Заңды бұзды деген сөз. Олар бұл әрекетімен спорттық шараны өткізуге кедергі жасады. Сол үшін ұсталды, сотқа жеткізілді, әкімшілік кодекстің 488-бабына (Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу) сәйкес әкімшілік қамауға алынды», — деп атап өтті Тұрғымбаев.

Алматыда екі полицейді пышақтап кетті



sputniknews.kz