Басты бет Жаңалықтар Түнгі екіде дәрі берді, қастандық деп күмәндімін: белгілі журналист Қуандық Шамахай емханада...

Түнгі екіде дәрі берді, қастандық деп күмәндімін: белгілі журналист Қуандық Шамахай емханада қайтыс болды

0

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Қуанық Шамахайұлы қайтыс болды, деп жазды жұбайы Айша Тұрмағанбетова өзінің Facebook-парақшасында.

Журналистің өзі түнгі сағат 2:00-де дәрі бергенін жазған.

Қуандық Шамахайұлы – ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, әдебиеттану доценті. 1993 жылы Мадридтегі Халықаралық журналистер ұйымына мүшелікке өтіп, БҰҰ мен ЮНЕСКО мойындаған «халықаралық журналист» деген арнайы мәртебеге ие болған. 2001 жылы АҚШ мемлекеттік департаментінің шақыруымен Вашингтонда, Рестонда, Арлингтонда, Нью-Орлеанда, Колумбия-Миссуриде, Атлантада, Нью-Йоркте болып, бірнеше жетекші университет мамандарымен тәжірибе алмасқан және Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы комитетінде тағылымдамадан өтіп, білім жетілдірген.

Ол журналистика ғылымының теориялық мәселелерін қаузаған 10 кітаптың, ғылыми-танымдық, публицистикалық мақалалардың, 100-ден астам сықақ әңгімелердің, әдеби-көркем аудармалар мен сын зерттеулердің авторы.

1994 жылдан бері еліміздің жетекші университеттерінде журналистика, мәдениеттану, қоғаммен байланыс, этика, әдебиет теориясы, аударма ісінің теориясы, әлем әдебиеті салалары бойынша дәріс беріп келген.

Загрузка...

ТҮСІНДІРМЕСІЗ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз