Трамптың бұрынғы кеңесшісі сөз бостандығына байланысты сұраққа жауап берді

0

Алматыда өтіп жатқан Eurasian Media Forum аясында АҚШ президентінің саяси стратегиялар бойынша бұрынғы кеңесшісі Стив Беннон Қазақстандағы сөз бостандығына байланысты сұрақтарға жауап берді.

“Интернеттің бұғатталуы Қазақстандағы сөз бостандығы ахуалына қалай әсер етеді?” деген Азаттық тілшісінің сұрағына “елдің ішкі мәселелеріне араласқысы келмейтінін”, бірақ соңғы кездегі өзгерістер нәтижесінде азаматтардың экономикалық бостандыққа қол жеткізе бастағанын айтты.

– Мен өзім экономистпін. Менің ойымша, қазір Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда да кәсіпкерлер мен қарапайым халықтың өмірін экономикалық тұрғыда жақсартуға көңіл бөліне бастағанын көруге болады. Міне, еркіндік осыдан басталады, – деп Бэннон еркіндіктің кез келген түрінің экономикалық бостандықтан бастау алатынын меңзеді.

Eurasian Media Forum аясында Қазақстан немесе Орталық Азиядағы сөз бостандығы, баспасөзге қысым мәселелеріне жеке сессия арналмаған.

Eurasianet.org сайтының жазуынша, кейбір сарапшылар елдегі интернет-сайттардың бұғатталуы сияқты ақпарат еркіндігі мәселелеріне бұлыңғыр жауап берген. Қазақстандық сарапшы Александр Аксютин «қолданушылар жабық сайттарға кіру үшін VPN қолдана алады, бұл жерде қандай мәселе бар?» деп айтқан.

BBC Central Asia бұрынғы тілшісі, Coda Story өкілі Наталья Антелава әуел баста Қазақстандағы сөз бостандығы ахуалына байланысты форумға келу-келмеу жайлы күдігі болғанын айтқан.

Алматыда Eurasian Media Forum мамырдың 22-сі күні басталған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз