Трамптың біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыға түсті – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Трамптың әрекеті желі қолданушыларының күлкісін келтірді  

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың әйелін қасына шақырған сәті түсірілген видео тарады. Бір қызығы, мемлекет басшысы жұбайын қасына иттерді үйреткен кезде қолданылатын әдіспен шақырған.

Видеодан Трамптың алақанымен бірнеше рет аяғынан шапалақтап ұрғанын байқауға болады. Осы ишараттан кейін Мелания Трамп күйеуінің қасына келеді.

Америкалық лидердің біртүрлі әрекеті желі қолданушыларының күлкісін келтірді.

«Сүйіктіңнің жаныңда болғаны жақсы. Жаныңда!, — деп жазды қолданушылардың бірі.

«Неге әйелі құйрығын бұлғаңдатпайды?», — деп әзілдеді тағы бірі.  

«Қалтасынан неге тамақ шығармады?», — деп сұрады енді бірі.

Ал кейбіреулері, керісінше, «ерлі-зайыптының бір-бірін ыммен түсінетіні керемет емес пе» деп жазған.



sputniknews.kz