Трамп салық деректерінің құпиясын қорғау үшін сотқа жүгінді

0

АҚШ президенті Дональлд Трамп сейсенбі, 23 шілдеде Конгрестің өкілдер палатасының бюджет комитеті, Нью-Йорк штатының бас прокуроры мен салық қызметінің үстінен сотқа шағым түсірді. Президент соттан Нью-Йорк штатының Трамптың салық төлемдері жайлы мәліметтерін беруге тыйым салуын сұраған. Бұл туралы CNBC телеарнасы хабарлады.

Бірнеше апта бұрын Бюджет комитетінің төрағасы Ричард Нил АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин мен салық қызметінің директоры Чарльз Реттигтің үстінен федералдық сотқа талап арыз берген. Нил ол екеуінен АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне ресми түрде кіріскенге дейін алты жыл бойы қанша салық төлегені көрсетілген құжаттарды көрсетуді талап еткен.

Енді Трамп заң шығарушылардың маусымдағы шағымына қарсы арызданып отыр. Бұл туралы Колумбия федералдық округтік сотына президенттің берген шағымында көрсетілген деп хабарлайды «Америка дауысы».

Трамп 2016 жылғы сайлауалды кампаниясы кезінде салық төлемдері жайлы деректерді көпшілікке жариялаудан бірнеше рет бас тартқан. АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін де ондай ақпаратты жарияламады. Әдетте АҚШ президенттігіне кандидаттардың барлығы соңғы жылдардағы салық декларациясын көпшілікке жария ететін. Биыл мамыр айында Нью-Йорк штатының сенаты президенттің салығы жайлы барлық ақпаратты АҚШ конгресіне тапсыруға мүмкіндік беретін заң қабылдаған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз