Төтенше жағдайдың алғашқы күні: Алматыда не болып жатыр

0

Алматы көшелері қаңырап қалды, тек дәріханаларда халықтың қарасы қалың, олар медициналық бетперде сатып алу үшін кезекте тұр

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Елдегі төтенше жағдайдың алғашқы күні Алматы көшелері айтарлықтай бос болып қалды. Әдетте жұмыс күндері де келушіге толы болатын дәмхана мен мейрамханалар қаңырап тұр деуге болады. Білім министрінің мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын тоқтатпау туралы бұйрығына қарамастан, балабақшалар да жабық. Алайда кей мемлекеттік балабақша өз жұмысын жалғастырып жатыр, оларда кезекші топ құрылған.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыдағы балабақша жұмыс істемей тұр

Президенттің бұйрығымен театр, кинотеатр, кітапхана, мұражайлар жабылды.

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық тұр. Дәріханаларда адам көп, қала тұрғындары медициналық бетперде сатып алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрады.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Дәріханаларда ұзын-сонар кезек

Қалада медициналық бетперде жетпейді, №2 орталық дәріханада бетперде 150 теңгеден сатылып жатыр. Ал коронавирус пайда болғанға дейін нарықтағы бағасы 15 теңге болды. Дәріханалардағы улы газдан қорғануға арналған респиратор 1 000, 1 600, 1 800 теңгеден сатылып жатыр.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Сұраныс артқан сайын бетперденің құны да қымбаттап жатыр

Мемлекеттік органдар азаматтарды қабылдауды жалғастырады. Банктер қалыпты жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді.

Полиция күшейтілген режимге көшті – әр қиылыста патруль тұр.

Қаланың коммуналдық қызметі аялдама мен жаяу жүргіншілер жолы залалсыздандырып жатыр.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматылықтар көшеге бетпердемен шығып жүр

Бір апта бұрын супермаркеттердегі дүрбелең байқалмайды, дүкен сөрелері азық-түлікке толы. Ұн, қант, жарма – барлығы жеткілікті мөлшерде.

Алматылықтардың көпшілігі үйден жұмыс істеуге көшті, тек кейбірі ғана кеңсеге баруды жалғастырып жатыр. Оқушылар демалысқа шықты, ал студенттер онлайн режимде оқып жатыр.

Қазақстандағы төтенше жағдай

16 наурыз таңертең сағат 08.00-ден бастап Қазақстан бойынша бір айға төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл 15 сәуірге дейін жалғасады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін төтенше жағдай режимі енгізілді.

Елімізде қоғамдық тәртіп күшейтілді, ірі сауда нысандарының (азық-түлік дүкендері мен базарлардың бір бөлігі жұмыс істей береді) жұмысы тоқтатылды, сауда және ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адам көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз