Тоқаев жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстан президенті белгілі жазушы Смағұл Елубаймен бірге Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау шараларын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында президент пен белгілі жазушы қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Дариға Назарбаеваның қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды

Смағұл Елубай мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау аясындағы шаралар туралы айтып берді.

Сөз соңында Тоқаев төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы Смағұл Елубаймен кездесті



sputniknews.kz