Тоқаев жаңа шаралар енгізеді: Ертең коронавирустың таралуына қарсы кеңес өтеді

0

29 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Ертең, 29 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді.

Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды.

Сондай-ақ, экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отыр.

Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады» деп жазды ол.Барлық құқықтар сақталған.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз