Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді – Мамин

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысы қай күні өтетіні әлі хабарланбады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жартыжылдық жұмыс қорытындысының тиімділігі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады», – деді Мамин үкімет отырысының соңында.

Ол әкімдіктер экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша барлық шараны белсенді түрде қабылдауы қажет екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, отандық өндірісті қолдау, инвестция тартуды, экспортты дамыту, халықты жұмыспен қамту және тұрақты жұмыс орындарын ашуды барынша қамтамасыз етуі керек.

«Қазіргі жағдайларда бюджет қаражатын тиімді жұмсау қажет. Әр теңгені экономикаға салған жөн», – деді премьер.

Оқи отырыңыз: Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Мамин карантин режимі кезең-кезеңмен жеңілдетіліп жатқанын айтты. Соның әсерінен экономикалық жағдай да тұрақталып келеді.

«Біздің міндетіміз – қысқа мерзімде экономикалық дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіру. Бұған экономиканы қолдау мақсатында қабылданған шұғыл шаралар және биыл жыл соңына дейін экономиканы қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру ықпал етуі керек», – деді үкімет басшысы.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз