Тоқаев үкімет дәрігерлерді ертең жақсы жаңалықпен қуантатынын айтты
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан президенті санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде», — деп жазды президент твиттерде.
Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 29, 2020
Қабылданған шешімді үкімет дүйсенбі, 30 наурызда жария етеді.
sputniknews.kz