Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды – Қазақстан жаңалықтары

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:

Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдайды 2020 жылдың 11 мамырында 00:00-ге дейін ұзарту.

Қазақстан Республикасының үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірге осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

Бұл жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», – делінген жарлықта.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз