Тоқаев қыркүйекте Қытайға ресми сапармен бармақ

0

Қазақстан президенті 11-12 қыркүйекте ресми сапармен Қытайға барады. Бұл туралы 9 тамызда Ақорда сайты хабарлады.

Тоқаев Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышовты қабылдап, Пекинге ресми сапарын талқылаған. Бұл Тоқаевтың Қазақстан президенті ретінде Қытайға алғашқы ресми сапары болмақ.

Қазақстанды соңғы отыз жылға жуық үздіксіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыз айында президенттіктен кеткен соң орнына сол кезге дейін парламент сенатын басқарып келген Қасым-Жомарт Тоқаевты қойған. Кейін елде кезектен тыс президент сайлауы жарияланды.

Тоқаев 9 маусымда өткен президент сайлауында 70 пайыздан астам дауыспен жеңіске жеткен. Сайлау күні елде сайлауға билікке қарсы наразылық шарасы болып, полиция мыңдаған адамды ұстаған.

Батыс бақылаушылары сайлауда дауыстың әділ саналғанына кепілдік бермейтін заң бұзу оқиғалары көп болғанын, сонымен бірге үкіметке наразы азаматтар жаппай ұсталғанын айтып, сайлауды сынаған. Қазақстан бас прокуратурасы мен Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауы барлық заң талаптарына сай өткенін мәлімдеген.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз