Тоқаев қазақстандықтарға несие мен салық төлемін кейінге шегеруді ұсынды

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Несие, салық сияқты басқа да төлемдері бар Қазақстан азаматтары өсімпұлсыз үш ай мерзімге міндетті төлемдерден босатылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде дағдарыстан зардап шеккен халықтың несиелері бойынша төлем жүргізуін тоқтата тұруды тапсырды.

«Мен банктерден толық түсіністік танытып, азаматтық келісім жасасқанын күтемін», – деп атап өтті Тоқаев.

Қазақстан президентінің сөзіне қарағанда, азаматтардың жеке қаржылық жағдайы нашарлағанда кезде, олар кепілсіз несиелер үшін банктік емес сектормен байланысты ұйымдарға – ломбардтарға, интернет-несие берушілер мен микроқаржылық компанияларға жүгінуге мәжбүр болады.

«Бұл ретте халықты алаяқтықтан сақтандырып, салада тәртіп орнатудың маңызы зор», – деді Тоқаев мемлекеттік төтенше комиссияның отырысында.

«Біз «күшті дауылдың» куәсі болып отырмыз. Пандемия, мұнай супердержаваларының шайқасы және қор индекстерінің рекордтық төмендеуі соңғы жылдардағы жинақталған жаһандық экономикалық жүйенің теңгерімсіздігіне әкеп соқты», – деді мемлекет басшысы.

Мұндай жағдайда, біз бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікке көмектесу арқылы оның қызметі жалғасатындығына сенім арта отырып, экономикалық тұрғыда ұтымды жауап беруіміз керек деп санайды президент.

Ол төтенше жағдайдан зардап шеккендерді тез анықтап, тұрғындардың экономикалық сұранысын азайтып, оларды қолдау бойынша бірқатар шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын айтты.

Осы салаларды қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі қазіргі жағымсыз жағдайға душар болған шағын және орта бизнеске барлық қарыздары бойынша негізгі қарызды және пайыздарды төлеуді тоқтата тұру болады.

Тоқаев сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

«Сонымен, ШОБ-қа (шағын және орта бизнес) айыппұлдар мен өсімпұлдар төлемей, салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық түрін төлеуді 3 айға кейінге қалдыруды ұсыну қажет деп санаймын», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік тауарларына ҚҚС-н уақытша төмендету, маңызды импортқа кедендік баждарды нөлдеу және тағы басқаларды қарастыру қажет.

«Бұл жұмыс бір апта ішінде жүзеге асуы тиіс», – деді президент.

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.



sputniknews.kz