Тоқаев қазақстандық боксшыны жеңісімен құттықтады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Головкин кәсіпқой бокстың хас шебері екенін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

«Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын. Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға,Гена!», — деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Айта кетейік, Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10 КО) жекпе-жегі өтті.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылды. Кездесудің алғашқы раундында қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раудта Головкиннің жойқын соққысынан украиналық боксшының қабағы жарылып, жарақат алды.

Тағы оқыңыз:Головкин Деревянченконы жеңіп, әлем чемпионы атанды

Төрешілер шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

Жекпе-жектен кейін екі боксшының да ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.



sputniknews.kz