Тоқаев «Қалаулым» бағдарламасына қатысты тапсырма берді

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Берік Уәли халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірілмей тиісті шешім шығарылатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қалаулым», «Қалауым сен» атты бағдарламаларға қатысты тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан «Қалаулым», «Қалауым сен» бағдарламаларына қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін атап өтті. Оның пікірінше, оған бұл бағдарламалардың халқымыздың менталитетіне, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына қайшы келуі себеп болып отыр.

«Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр», – дейді ол.

Берік Уәли мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын білетінін айтты. Соған сәйкес тапсырма берілген.

Бекжан Тұрыс «Қалаулым» жайлы: Ешкімнің күші жетпейтін не қылған құдірет? 

«Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірілмей тиісті шешім шығарылады», – деп түйіндеді президенттің баспасөз хатшысы.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз