Тоқаев Путиннің шақыруын қабылдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстан президенті Ресейге Жеңістің 75 жылдығына арналған жиынға барады. Мемлекет басшыларының кездесуі Сочи қаласында өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ресейлік әріптесімен кездесу кезінде 2020 жылы Ресейге Жеңістің 75 жылдығына баратынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

«Мен Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған жиынға шақыру түскеніне алғыс білдіремін. Мәскеуге баруды жоспарлап отырмын. Бұл біздің ортақ мерекеміз. Өзім майдангердің ұлымын. Ағам Тверь облысы Ржевский ауданындағы Трубино ауылында жерленген. Ол жерге ескеркіш орнатылды. Бұл үшін жергілікті билікке, әрине, Ресей үкіметіне алғыс білдіремін» , – деді Тоқаев,

Тағы оқыңыз: Путин Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы туралы айтты

Ол жуырда Иванов облысында 73 қазақстандық жауынгердің жерленген жері табылғанын атап өтті.

«Әрине, біз Қазақстанда Ұлы жеңіске жету жолында қаза тапқан ерлеріміздің ерлігін ұмытпаймыз», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшыларының кездесуі Сочи қаласында өтіп жатыр. «Валдай» халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысы әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз