Тоқаев президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысын тағайындады  

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бұл қызметке Қазақстанның Әзербайжандағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі келді  

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің парламенттегі өкілдігінің жаңа басшысын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды», — деп жазылған жарлықта.

Ол Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысты.



sputniknews.kz