Тоқаев: «Пандемия туралы ақпаратты ащы болсада қоғам білуі керек»

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр», — деп жазды Президент Twitter желісінде.

Сонымен қатар, Тоқаев пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс екенін жеткізді.

«Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз», — деп жазды ол.