Тоқаев мұсылман қауымын Қадір түнімен құттықтады

0

Мемлекет басшысы жамағатқа дұғаларының қабыл болуын тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын Қадір түнімен құттықтады.

«Мұсылман қауымын мың айдан да қайырлы болған – Қадір түнінің келуімен құттықтаймын. Рамазан айында тұтқан оразаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын. Халқымыз ынтымақты, жеріміз берекелі болсын!», – деп жазды президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Қадір түні

Қадір түні жайлы Құранның «Қадір» сүресінде:

«Біз оны (Құран) Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Бұл түні Раббыларыңның рұқсатымен бүкіл періштелер және рух (Жәбірейіл) әрбір іс үшін жер жүзіне түседі. Бұл түні есендікке толы болады. Ол таң шапағына дейін жалғасады» деген.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде кім Қадір түнінің мол сауабына сеніп, ықыласпен өткізсе, күнәлары кешіріледі» деп бұйырды.

Тағы оқыңыз: Қадір түнін қалай өткізу керек? – видео

Бұл қасиетті түнді Аллаға құлшылық жасап, намаз оқып, Құран Кәрім оқып, үйреніп, үйретіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с)  салауат айтып, уағыз-насихат тыңдап, Алладан кешірім тілеп, жақсы-жаман істерге есеп беріп, жиі-жиі дұға жасап өткізген абзал.

Биыл қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түнге түсіп отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз