Тоқаев: Коронавирус пен пневмониядан болатын өлім-жітім жоғары деңгейде

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты түсінік берді.

«Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр»,-  деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Президент сонымен қатар белгілі палуан, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуы туралы хабар ол үшін үлкен соққы болғанын жазды .