Тоқаев Германияға не үшін барғанын айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мемлекет басшысы Қазақстанда ірі жобаларға қатысатын неміс бизнесмендеріне жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапарының екінші күнінде Германия бизнесінің өкілдерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Volkswagen AG компаниясының сыртқы байланыстар жөніндегі бас директоры Йенс Ханефельдпен кездесіп, инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады.

«Мен Германияға екі ел арасындағы байланыстарға дәнекер болу үшін келдім. Бізге сіздердің инвестицияларыңыз бен бизнеске қатысуларыңыз қажет. Кеше Германия басшылығына біздің экономикамыздағы неміс инвесторларының  санын арттырғымыз келетінін ашық айттым», – деді Тоқаев.

Baumann Gmbh компаниясының бас директоры Роберт Бауманнмен кездесуде Алматы облысындағы агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу мәселелері талқыланды. Кәсіпкер Қазақстанда қой етін өндіру жұмыстарын қалай жолға қойғанын айтып, өз бизнесін одан әрі дамыту жөніндегі жоспарын ортаға салды.

Қазақстан президенті бұл жобаға оң бағасын беріп, мемлекеттік құрылымдардың жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

«Қой санын жылына 750 мыңға жеткіземіз деген биік мақсат қойып отырсыздар. Мемлекет басшысы ретінде сіздің Қазақстандағы жобаңызға оң баға беремін. Сіздерді одан әрі өркендей беруге шақырамын. Туындауы мүмкін мәселелерді шешу үшін неміс бизнесімен ынтымақтастық орнату жөнінде жұмыс тобы құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев астана атауының өзгеруіне қатысты сауалға жауап берді – видео

Мемлекет басшысы халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі Deutsche Bahn AG компаниясының директоры Нико Варбаноффпен және инфрақұрылым жөніндегі басқарма мүшесі Рональд Пофаллмен әңгімелесу барысында көлік саласында ынтымақтастық орнату мәселесін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстандағы теміржол жолаушылар тасымалының сапасын тиісті деңгейге көтеру, инжинирингтік және консалтингтік қызметтер көрсету мәселелері қарастырылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз