Тоқаев: Елімізде «митинг­шілдік» белең алуда

0

Бүгін «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында мемлекет басшысы Қазақстандағы митингтер туралы сұраққа жауап берді.

«Бейбіт жиындар мен митингтерге қатысу – Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы. Ата заңымыздың кепілі ре­тінде азаматтардың құқығын толық қамтамасыз ету – менің міндетім» деді Қ.Тоқаев.

«Соңғы кездері елімізде «митинг­шілдік» белең алуда. Көбінесе азаматтарымыз сырттағы біреулердің арандатушылық ұрандары­на еріп жүр. Бұл – аймақтық бәсекелес­тік күшейіп келе жатқан халықаралық аренада Қазақстан­ды ың­ғайсыз жағдайға қал­дырып отыр.

Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы ең ірі мемлекеттер. Екі ел арасында кең ауқымды ын­тымақтастық артып келеді. Бұл жерде экономикалық бәсе­келестіктің де болатынын жоққа шығармаймыз. Осы жағдайларды әрқашан есте ұстау керек. Қазақстан өзінің көшбасшылық позициясын сақтап қалуға міндетті. Ол үшін елімізде тұрақтылық болуға тиіс. Егер ішкі мәдениетімізге салсақ, ол тұрақтылықты күштік құрылымдар емес, бірінші кезекте халықтың өзі қамтамасыз етуі қажет» деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.