Тоқаев Birgemiz-ге 500 мың бетперде жолдады

0

Бес жүз мың бетперденің бәрі балалар үйі, ауруханалар мен тұрмысы төмен отбасыларға таратылатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Birgemiz волонтерлер республикалық кеңсесіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 500 мың бетперде жолдады. Бұл турады «Хабар 24» телеарнасы хабарлайды.

Бес жүз мың бетперденің бәрі балалар үйі, ауруханалар мен тұрмысы төмен отбасыларға таратылатын болады.

Еске сала кетсек, волонтерлер республикалық акция аясында маскалар таратады. Жеке сақтану құралдары астанадағы әлеуметтік мекемелердегі адамдарға беріледі. Олар, негізінен, балалар, зейнеткерлер және мұқтаж жандар. 

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды



sputniknews.kz